ҚазақстанТаңдаулы

Ғалымжан Жылгелдиев: Келесі жылдың ең алғашқы жарысы Парижде өтеді

Бас бапкер 2022 жылғы жоспарымен бөлісті

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшелері жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, қазіргі сәтте демалыс алды. Бұл туралы команданың бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді деп жазады Judoka.kz Қазақстан ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Биылғы маусымды тәмамдайтын жаттығу жиыны Түркістан облысындағы «Алма тау» кешенінде өтті. Спортшылар жақсы жұмыс істеді. Жаңа жыл қарсаңында көңілдері көтеріліп, үйлеріне мәз-мейрам болып тарқасты.

Енді қаңтардың басында Өзбекстанның Ташкент қаласын бетке аламыз. Сол жақта Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттығу лагері өтеді. Бірнеше мемлекте өз құрамаларын жібереді. Кейін елге келіп, тағы бір жиын өткіземіз.

Ал 2 ақпан күні Парижде (Франция) Grand Slam турнирі басталады. Жылдың ресми тұсаукесері сол жарыс болмақ. Елдос Сметов бастаған жігіттер Париж  татамиінде күреседі», – деді Жылгелдиев.

Басқа материалдар

Back to top button