ҚазақстанТаңдаулы

ҚДФ атқарушы директоры Самат Жылқыбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы

Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Самат Жылқыбаев Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. 

Бұл туралы басқарма ресми ақпарат таратты. «2021 жылдың 13-ші желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы лауазымына Жылқыбаев Самат Сабитұлы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Самат Жылқыбаев 1978 жылы Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келген.

Дзюдодан спорт шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Кәсіптік тәжірибесі:
1995-1996 ж.ж Х.Мұңайтпасов атындағы Республикалық олимпиадалық резерв мектебінде дзюдодан жаттықтырушы
1996-1998 ж.ж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет етті
1998-2000 ж.ж Х.Мұңайтпасов атындағы Республикалық олимпиадалық резерв мектебінде дзюдодан жаттықтырушы
2000-2006 ж.ж атындағы RSHIOSD дзюдо жаттықтырушысы
2006-2007 ж.ж «ЦПОР» ССКОП дзюдодан Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас жаттықтырушы-оқытушы
2007-2009 ж.ж Дзюдодан Қазақстан Республикасы ДШНКиСР ұлттық олимпиадалық құрамасының бас жаттықтырушысы
2009-2010 ж.ж Астана қаласы «№9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКК директоры
2010-2010 ж.ж Астана қаласының «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтыру клубы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры
2010-2011 ж.ж Астана қаласындағы «Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік кәсіпорнының директоры
2011-2012  ж.ж  «Қазақстан» Спорт сарайы» ШЖҚ МКК директоры
2012-2017 ж.ж  «Дзюдо федерациясы» РОО атқарушы директоры
2017-2018 ж.ж  «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бас хатшы
2018-2021 ж.ж «Дзюдо федерациясы» РҚБ атқарушы директоры
2021 жылдан бастап  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы қызметін атқарып келді.

Басқа материалдар

Back to top button