Иппон

Жансай Смағұлов: «Әр жетістігімнің артында отбасым тұр»

Жақында life09 түсіру тобы танымал спортшы Жансай Смағұловпен сұхбаттасып, қайтқан болатын. Назарларыңызға сол сұхбаттың бейнеролигін ұсынамыз.

Жансай Смағұлов дзюдо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол осы спорт түрімен 20 жылдан астам уақыт айналысып келеді. Ол – Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Рио-де-Жанейро мен Токио олимпиадасының қатысушысы. Ол сұхбат барысында дзюдо күресінің қыр-сырымен және жетістіктерімен бөлісті.

-Бұл дзюдо күресі үлкен еңбекті қажет етеді. Әрбір жеткен жетістіктерімнің артында өзімнің бапкерлерім, ағайларым, отбасым тұр. Олар мені жеңіске қарай ұмтылдырып, жігерлендіреді. Барша жастарды спортпен шұғылдануға шақырамын. Тәуелсіздігіміз баянды, көк байрағымыз көгімізде әрдайым желбіреп тұра берсін!, – деген спортшы қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен де құттықтап өтті.

Back to top button