Әлем

Парижде дзюдодан Еуропаның ең басты клубтық турнирі – Чемпиондар лигасы өтеді

Өз елдерінің ұлттық чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған командалар 11 желтоқсанда Франция астанасында кездеседі.

Бұл жолы Еуропа дзюдо одағы 2017 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасы мен клубтық лиганы әртүрлі қалаларда өткізуге шешім қабылдады. Құрлықтық дзюдодан ең маңызды бірінші турнир Парижде, екіншісі Прагада өтеді.

Турнирдің жүлде қоры чемпион командалар үшін 25 мың еуроны, күміс жүлдегерлер үшін 12,5 мың және қола жүлдегерлер үшін 5 мың еуроны құрайды.

Back to top button