Әлем

Түркияда әйелдер дзюдоға қатысып, өздерін қорғайтын болады

Түркияның дзюдо федерациясы әйелдердің өздерін қорғай білуі үшін дзюдо әдістеріне үйрететін арнайы жобаны іске қосты. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігіне Түркия дзюдо федерациясының басшысы Сезер Хуйсуз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде елдің 81 провинциясында дзюжл секциялары бар 552 спорт клубы жұмыс істеуде.

«Бұл клубтарда дзюдо даңдыларын 123 мың спортшы дамытуда, соның ішінде 23 мыңы (12 мың ер адам мен 11 мың әйел) спортпен күн сайын шұғылдануда. Бұл ер адамдар мен әйелдердің спорттың бұл түріне тең дәрежеде қызығушылық танытып отырғанын көрсетіп отыр. Түрік әйелдері өте мықты, жігері мол, өздерін ер адамдардан кем түспей қорғай біледі», – деді федерация бастығы.

Хуйсуз федерацияның Түркияда дзюдоны әйгілендіру жолында көп күш жұмсап отырғанын атап өтті. «Біз әйлемдік спортта, соның ішінде 2024 жылғы Олимпиадада жаңа табыстарға жету үшін жұмысты жандандыруды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті ол.

Бұл ретте ол дзюдо дағдыларын үйрену нәзік жандыларға әйелдерге қарсы зорлыққа күрес жолы мәселесін шешуге көмектесетініне сенімін білдірді.

«Федерациямыздың әйелдер басшылығымен бірге арнайы бағдарлама әзірлеудеміз. Оның аясында ниет білдірген әйелдердің барлығы дзюдоны өздерін қорғау мақсатында меңгере алады. Жаттықтырушылар ниет білдіргендерге дзюдоның негізгі әдістерін онлайн режимде, сондай-ақ тікелей спорт залдарында үйрете алады», – деп қосты федерация бастығы.

Back to top button